Назаров
Ардақ
Құттықожаұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Онкологиялық қызметті дамыту мәселелері мен перспективалары» тақырыбындағы көшпелі отырыс

2024 жылғы 10 маусымда Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің ұйымдастыруымен Ұлттық  ғылыми онкология орталығында «Онкологиялық қызметті дамыту мәселелері мен перспективалары» тақырыбында көшпелі отырысы өтті.

Отырысқа депутаттармен қатар денсаулық сақтау вице-министрі және басқа да медицина мамандары қатысты.

Елімізде онкологиялық аурудан жыл сайын 13 мың адам көз жұмады. 2023 жылы ауру көрсеткіші өскен. Осыған орай депутаттар жауапты орган өкілдеріне салаға қатысты сұрақтарын қойды.

Мамандардың тапшылығы, қажетті құрал-жабдықтардың ескіруі, тарифтердің жетіспеушілгі және бөлінген қаржы туралы депутаттардың ұсыныстары және тағы басқа мәселелер талқыланды.