2023 жылғы 19 қыркүйек күні Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде «Ел қорғаны!» іс-шарасы өтті.
Бұл іс-шараның басты мақсаты жеке құрамды әскери-патриоттық тәрбиелеу, өз еліне, өз халқына, мәдениеті мен тарихына деген патриоттық сезімді, сүйіспеншілік пен құрмет сезімін қалыптастыру болды.
Аталған іс-шараға ережесіз жекпе-жектен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, аралас жекпе-жектен үш дүркін әлем чемпионы және әлем кубогының иегері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Назаров Ардақ Құттықожаұлы және Қазақстанда танымал спортшы және рекордсмен, халық арасында қазақтың «темір адамы» деген лақап атқа ие болған, армрестлингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы, Бауыржан Момышұлының «Намыс» төсбелгісінің иегері Темір Спатаев қатысты.
Кездесу барысында А. Назаров және Т. Спатаев әскери колледждің жеке құрамы арасында адамгершілік, руханилық, жоғары әлеуметтік белсенділік, азаматтық жауапкершілік пен тәртіпті қалыптастыру туралы әңгіме жүргізіп қана қоймай, одан әрі қызмет ету үшін мотивация берді.