Назаров
Ардақ
Құттықожаұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Қарағанды облысындағы көшпелі отырысы

2023 жылғы 29 қыркүйекте арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетудің өзекті мәселелерін және оларды шешу жолдарын зерделеу және талқылау мақсатында Парламент Мәжілісінің депутаттары – Әлеуметтік-мәдені даму комитеттің мүшелері Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды.

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысы «Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру және қолжетімділігін кеңейту арқылы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау» тақырыбында өтті.

Комитет отырысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары – Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, денсаулық сақтау және оқу-ағарту  вице-министрлері, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, облыстардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының өкілдері, ғылым, қоғам өкілдері және тәуелсіз сарапшылар қатысты.

Негізгі проблемалардың қатарында қатысушылар саланы жеткіліксіз қаржыландыруды, материалдық-техникалық базаның әлсіздігін және қаржы құралдарының ашық еместігін атап өтті.

Депутаттар жаңа Әлеуметтік кодекс шеңберінде 2025 жылдан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтердің жан басына шаққандағы нормативін енгізу жоспарланып отырғанын және бұл олардың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік беретін атап өтті.

Көшпелі отырыс барысында депутаттар Қарағанды облысындағы әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын, оның ішінде халыққа арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарға барып, қамқорлықтағы жандардың тұрмыс жағдайымен танысты.