2023 жылғы 9 қараша күні «Жастар Рухы» ЖҚ Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен «BIR TOLQYNDA» диалог алаңына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ардақ Назаров қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – спортқа қызығушылығы бар жастарға қолдау көрсету, саламатты өмір салтын дәріптеу, жастардың спортқа деген құлшынысын арттыру арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру, жастардың бойында патриоттық сезімнің қалыптасуына ықпал ету.
Кездесу барысында жастар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, жауап алды.