Назаров
Ардақ
Құттықожаұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Аlpha ұрпақ ұстазы» жастар форумы

Жас мамандардың шығармашылық және мәдени әлеуетін дамыту мақсатында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен 2023 жылғы 10 қараша күні «Аlpha ұрпақ ұстазы» атты жастар форумы өтті.

Форумның панельдік TED-X сессиясының спикерлері дінтанушы, теолог, психолог  Нұрлан имам, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ардақ Назаров, журналист, travel блогер Өркен Кеңжебек, Қ.Сәтбаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің директоры Құралай Байтажикова болды.

Сөз сөйлеушілер өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жас мамандарға мотивация берді. Іс-шараға шамамен 200-дей жас ұстаз қатысты.