Алматы облысындағы жұмыс сапары аясында Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Еңбекшіқазақ ауданының Рахат ауылдық округінің саяжайлар аумағында салынып жатқан 1475 орындық орта мектеп құрылысымен және Есік қаласының Абылайхан атындағы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Мердігерлермен, жергілікті атқарушы органдармен сөйлесіп, құрылыс саласына қатысты өзекті мәселелерді талқылады.