2024 жылғы 31 қаңтар күні Түркістан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Ислам және дәстүр құндылығы» тақырыбында республикалық конференция өтті.
Алқалы жиынға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Бәкіров, Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров, профессор Досай Кенжетай, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы, академик Саттар Мәжитов, белгілі ақын, республикалық «Дәстүр» журналының директоры Қасымхан Бегманов, этнограф Досымбек Қатран, Қ.А. Ясауи атындағы университет ректоры Жанар Темірбекова қатысып өз ойларын ортаға салып баяндама жасады.
Сонымен қатар республикалық конференцияда баяндамашы ғалымдар дін мен дәстүр, қазақ фольклорындағы дәстүр, зайырлы білім алу, ұмыт болған ұлттық қазына тақырыптарында ойларын жеткізді.