2024 жылғы 23 мамыр күні «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ ұйымдастыруымен «4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні» мерекесіне орай ҚР Ұлттық музейінің «Тәуелсіз Қазақстан» залында танымдық іс-шара өтті, спикер ретінде депутат Ардақ Назаров қатысты.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібекұлы Мәлібеков және қоғам қайраткерлері, оқушылар қатысты.