2023 жылғы 13 қарашада депутат А. Назаров Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Беларусь Республикасының Ұлттық Жиналысымен ынтымақтастығы жөніндегі жұмыс тобының онлайн отырысына қатысты. Сондай-ақ zoom платформасы арқылы ҚР Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Е. С. Байжанов және БР Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі П. В. Утюпин қосылды. Отырыс барысында реформаларды заңнамалық қамтамасыз ету тәжірибесімен алмасу, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, ғылым және білім беру, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация, инновациялар және цифрландыру салаларындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары туралы мәселелер қаралды.