Міне, өз өңірімдегі кездесу “Нұртас” шағын ауданында мемлекеттік жеке меншік әріптестік аясында салынып жатқан мектептің құрылысымен танысумен жалғасты. Бір ауысымда 1425 оқушыны қабылдайтын жаңа мектеп қараша айында пайдалануға беріледі.
Құрылыстың жұмыс қарқыны жаман емес. Дегенмен, мердігерге уақытылы тапсырылуын ескертіп кеттім.
Бұл жоба «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында қарастырылған.
Мемлекеттік жеке меншік әріптестік аясында салынып жатқан мектептер қаладағы үш ауысымда оқитын және апатты жағдайдағы мектептердің азаюына ықпал ететін болады. Осыдан 3 жыл бұрын ғана Шымкентте 29 үш ауысымды мектеп болса, бұл жеке және мемлекеттік мектептердің қарқынды құрылысының арқасында санын азайтуға мүмкін болды. Биыл 18 мектеп салынса, келесі жылы 38 ге дейін мектеп салынады.Бірақ мегаполисте мүмкіндігінше жұмыс істейтін және кез келген сәтте үш ауысымға көшу қаупі бар екі ауысымдық мектептер әлі де бар.
Бес жыл бұрын Шымкентте мектептер саны небәрі 86 болса, қазіргі таңда оның саны 256 орта мектепке жетті.
Демографиялық тұрғыдан алғанда, Шымкент ерекше қала. Биыл 1 миллион 200 мың халқы бар қаламызда қыркүйекте жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа баратын балалар саны 28 мың болса, көршілес үш миллион халқы бар Ташкентте 40 мыңнан сәл астам бірінші сыныпқа баратын бала мектеп партасына отырады. Бұл біз үшін үлкен жетістік деп білемін.
https://m.facebook.com/story.php?&