Өңірдегі сапарым барысында Шымкент қаласының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдадым.
Қабылдауға қалалық сәулет, қала құрлысы және жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, тұрғын үй, энергетика және инфрақұрылымды дамыту, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, білім және денсаулық басқармасының және Әл-Фараби, Абай, Қаратау, Еңбекші аудандық әкімдігінің мамандары да қатысты.
Менің қабылдауыма жазылған азаматтар инфрақұрылым, әлеуметтік көмек, жол мәселесі, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдауға қатысты өтініштерімен келген. Мәселен, Қаратау ауданының тұрғыны Құрмантаев Сахи есімді азамат мектеп пен колледж және инфоқұрылым мәселесін шешіп беруді сұраса, келесі тұрғын жол мәселесін көтерді. Сонымен қатар, қабылдауда балалар ойын алаңшасы, жол кедергілері, жер мәселесі сынды күрмеулі тақырыптар қозғалды.
Қала тұрғындарына инфрақұрылым, жер, коммуналдық тақырыптар бойынша сұрақтарына түсіндірме беріп, өтініш иелерінің сауалдарына байланысты аудандағы тиісті сала мамандарымен мәселелерді шешу жолдарын талқылап, заң аясында кеңес беріп, талап—тілектеріне ден қойып, бақылауға алатынымды жеткіздім.
https://m.facebook.com/story.php?&&