Ағымдағы жылдың 16 тамызда ҚР мәжіліс депутаты Болатбек Нажметдинұлы, “Amanat” партиясы Еңбекші аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Жартыбекова Гүлжайна Жақайқызы, Еңбекші аудандық әкім орынбасары Амангельдиев Досалы Жайлауұлы «Назар текстиль» кілем фабрикасы ұжымымен кездесіп қайтты. Кездесу барысында қызметкерлермен және фабрикамен толықтай танысып шықты. «Назар текстиль» компаниясы кілем жəне кілем өнімдерін өндірумен айналысатын, ЖШС-і «Оңтүстік» Арнайы Экономикалық Аумағында тіркелген ірі кəсіпорын болып табылады.
“Назар текстиль” фабрикасы 2012 жылдан бастап кілем өнімдерін өндіруді бастадық және осы уақыт ішінде тапсырысшылардың шеңберінде оң бедел қалыптастыруға үлгердi.
«Назар текстиль» компаниясы:
1. Нарықтағы жұмыс тəжірибесі – 11 жыл
2. Кілемдер өндірудегі өнімнің мөлшері – жылына 2.3 млн шаршы. м-ден аса
3. Қызметкерлер саны – 100 ге жуық адам
4. Қазақстанда дистрибьюторлар саны – 400-ден аса
5. Жаратылған әрлендiрулердiң саны – 500-ден аса
“Назар текстиль” кілем фабрикасының миссиясы: Жоғары сапалы кiлемдерді және кiлем бұйымдарын, әл-ауқаттың жетiстiгiне және адамдардың бүкiл әлемде бақытты болуына мүмкiндiк туғызатын зерделi бағалар бойымен өндiру.
https://m.facebook.com/story.php?&&