16 тамызда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Болатбек Нажметдинұлы мен Еңбекші аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Жартыбекова Гүлжайна Жақайқызы, Еңбекші аудандық әкім орынбасары Амангельдиев Досалы Жайлауұлы Шымкент қаласындағы іс-сапары барысында Еңбекші ауданында орналасқан «GraMad» сауда орталығының жұмысымен танысты.
Кездесу барысында салаға тиесілі бірқатар ұсыныстар талқыланып, конституциялық реформа, қабылданып жатқан заңдар аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг жүргізілді.
«GraMad» әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұрақтандырудың жергілікті бағдарламасының қатысушысы болып табылады. Онда өнімдерді өндірушілер тікелей жеткізеді. Онда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары белгіленген бағалар бойынша сатылады.
Сауда орталығының жұмысымен толық танысып шыққан Болатбек Нажметжинұлы кездесу соңында тұтыныушыларға қажеттілігі жоғары тауарлардың қолжетімділігін арттыруды мақсат тұтқан сауда орталығының жұмысына оң бағасын беріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
https://m.facebook.com/story.php?&&
--