Нажметдинұлы
Болатбек

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Депутат Б.Нажметдинұлы құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу саласындағы ағымдағы жағдайға объективті талдау жүргізу үшін жұмыс тобын ұйымдастыру туралы өтініш жолдады

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Ә.А. Смайыловқа

Құрметті Әлихан Асханұлы!

2023 жылғы 10 сәуір күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Б. Нажметдинұлы, Л.Ш. Тұмашинов, С.Б. Мұсабаев Қазақстан Республикасының Сіздің атыңызға құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу саласындағы ағымдағы жағдайға объективті талдау жүргізу және сараптамалық қызметтің өзін-өзі реттеуге көшуін қамтамасыз ету бойынша түзетулер қабылдаудың орындылығы үшін жұмыс тобын ұйымдастыру туралы өтініш жолдаған болатын.  

Жұмыс тобының құрамына мүдделі мемлекеттік органдармен қатар осы түзетулердің бастамашылары ретінде Парламент Мәжілісінің депутаттарын, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының (бұдан әрі – «Атамекен» ҚР ҰКП), «Сараптамалық ұйымдар палатасы» ДББҰ өкілдерін және құрылыс саласының сарапшыларын қосу ұсынылды.

А.ж.25 сәуірдегі жоғарыда көрсетілген өтініш бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.Склярдың қарарыңызға сәйкес, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне (бұдан әрі – ҚР ИИДМ) жұмыс тобын құру, қажетті шаралар қабылдау және а.ж. 2 мамырға дейінгі мерзімде Үкіметке ақпарат енгізу тапсырылды.

Сонымен қатар, осы уақытқа дейін, тапсырма берілген күннен бастап екі айдан астам уақыт өткен соң, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің атына осы тапсырманың орындалуы туралы ақпарат түскен жоқ, министрлік жұмыс тобын құрған жоқ, яғни бұл мәселе бойынша ешқандай кеңес өткізілген жоқ.

Үкіметтің тапсырмасы мен  депутаттардың өтініші ҚР ИДМ тарапы елемейді.

Бұдан басқа, Парламент Мәжілісінің депутаттары ҚР ИИДМ министрі         М.К. Қарабаевтың атына «Ұлт жоспары-100 нақты қадамның» 47-ші қадамын іске асыруға және «Мемсараптама» РМК қызметін талдауға қатысты өтініш жолдады, оған толық ақпарат ұсынылмай, ресми жауап алынды, оны біз уәкілетті органның депутаттардың өтінішіне немқұрайлы қарауы ретінде қарастырамыз.

Баяндалғандарды ескере отырып, осы мәселелермен айналысуды және қысқа мерзімде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, ҚР ИИДМ, «Атамекен» ҚР ҰКП және кәсіби қоғамдастық депутаттарының қатысуымен кеңес ұйымдастыруды сұраймыз.

Құрметпен,                                                           Б. Нажметдинұлы