Нажметдинұлы
Болатбек

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Мәжіліс депутаты Б. Нажметдинұлы ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу кезінде аграршыларды қолдау туралы мәселе көтерді

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрлігі


ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу кезінде аграршыларды қолдау туралы мәселе көтерді. «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығының (бұдан әрі – бұйрық) 12-тармағына сәйкес «талап етілген техниканы сатып алу» №1.1 паспортында көрсетілген техниканы, машиналарды субсидиялау, техника мен машиналар үлгілерінің, оларды өндірушілер мен дилерлердің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады. Тізбені Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қалыптастырады және ұсынады. Көрсетілген редакциядағы 12-тармақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 157 бұйрығымен бекітілді.

Бұйрық жобасына жүргізілген қорытындыларға талдау бұйрықтың 12-тармағы болмаған бұйрықтың жобасына қатысты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізгенін көрсетті. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 2020 жылғы қарашада Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу үшін ұсынған бұйрық жобасының мәтінінде бұйрықтың 45 және 46-тармақтарына өзгерістер ғана енгізілген.

Осыған байланысты бұйрықтың 12-тармағының ережелеріне жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманы а.ж. 29 мамырда сағат 18.00-ге дейінгі мерзімде ұсынуды, көрсетілген қорытынды болмаған жағдайда «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңы шеңберінде мәселені шешуді сұраймын.