Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінде ү.ж. 25 мамырда өткен 2022 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің есебін талқылау жөніндегі отырысының нәтижелері бойынша 2023 жылдың 29 мамырына дейін «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ-ның іске асырылған жобаларға, оның ішінде Қазақстан Даму Банкінің еншілес кәсіпорындарына, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ға және өнеркәсіпті дамыту қорына қатысты қызметі бойынша мынадай сипаттамаларды көрсете отырып, кеңейтілген ақпаратты ұсынуды сұраймын:
- Экономикалық қызмет түрін және іске асыру аймағын көрсете отырып жобаның атауы;
- Жобаның паспорты (қысқаша сипаттамасы, әлеуметтік аспектісі, қолдау шарасы мен түрі, тартылған қаражат бойынша ақпарат (сомасы, мерзімі, қамтамасыз етілуі және т. б.), бизнес-жоспар бойынша орындалуы);
- 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша және ағымдағы сәттегі жоба мәртебесі (бизнес-жоспар бойынша жоспарланған және нақты);
- Жоба мониторингісі (кім жүргізеді, жиілігі).