Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Табиғи монополияларды реттеу
комитеті
А.ж. 17 шілдесіне дейін Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша жылу энергетикасы және электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің 2020-2023 жыл кезеңіндегі тарифтік сметаны орындауын ұсынуды сұраймын, оның ішінде, атап айтқанда:
I. «Тауарлар мен қызметтерді өндіруге арналған шығындар»
1. «ЖЖМ»;
2. «Нормативтік техникалық шығындарды өтеуге арналған электр энергиясы» (айлар бойынша электр энергиясын сатып алудың тауарлық балансы қоса берілсін);
3. «Өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар» (2020-2023 жж. штат кестесі нақты қоса берілсін);
4. «Амортизация»;
5. «Жөндеу-күрделі, ағымдағы»;
6. «Коммуналдық қызметтер»;
7. «Объектілерді күзету» (осы қызметті ұсынатын компанияның атауын көрсете отырып);
8. «Өндірістік қажеттілікке байланысты іссапар шығындары».
II. «Жалпы әкімшілік шығыстар»
1. «Әкімшілік персоналдың жалақысы» (2020-2023 жж. нақты штат кестесі қоса берілсін);
2. «Іссапар шығындары»;
3. «Басқа шығындар»;
4. «Байланыс және телекоммуникация қызметтері»;
5. «Ақпараттық-консультациялық қызметтер»;
6. «Мүлікті, жерді тіркеу» (ресімделген объектілердің толық жазылуымен);
7. «Үй-жайлар мен мүлікті жалға алу» (объектілердің толық жазылуымен);
8. «Автокөлікті жалға алу» (авто атауының толық жазылуымен).
Әрі қарай келесі деректер көрсетілсін:
1. «Кіріс бөлігі» ай сайын кВт/сағ көлемімен және теңгемен көрсету;
2. Кесте түрінде ай сайын кВт/сағ және теңге көрсетіле отырып, «нормативтік-техникалық шығындар» қоса;
3. «Инвестициялар» (жоғарыда көрсетілген кезең бойынша материалдар, жұмыстар, қызметтер атауы және олардың бағасы көрсетілген барлық орындалған шарттарға толыққанды қол қою, яғни кесте түріндегі көлемдер мен сомаларды көрсете отырып, «тікелей шарттар», «тендерлік», «бір көзден» бөле отырып, 2020-2023 жылдарға арналған шарттардың толық тізімін ұсыну.
Сондай-ақ, соңғы 10 жылдағы тозу жағдайын кесте түрінде, яғни соңғы 10 жылдағы кесте түріндегі нормативтік-техникалық шығындарды азайту тиімділігін, 5 жылдағы басшы құрамның жалақысының өзгеру (ұлғаю) динамикасын (факті бойынша), соңғы 5 жылдағы өндірістік персоналдың жалақысының өзгеру (ұлғаю) динамикасын (орташа жалақы) ұсынуды сұраймыз.
Сонымен қатар активтердің (жылжымайтын мүлік), тіркелген және баланстағы кәсіпорындардың сомасын және табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілері қызмет көрсететін активтердің жалпы сомасын ұсынуды сұраймын.
Барлық ақпаратты ТМРК бекіткен кестелік деректер форматында, оның ішінде тарифтік сметадағы деректерді және жоғарыда көрсетілген кезеңдегі нақты деректерді беруі қажет.