Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруалышылық министрі
Е.Ш. Қарашөкеевке
ҚР СІМ-нің Инвестициялар комитетінің төрағасы
А.Т. Зебешевке
«Қазақстанның Даму Банкі»
АҚ Басқармасының төрағасы Н.С. Байбазаровқа
Ағымдағы жылдың 22 сәуірінде Түркістан облысының Келес ауданында «Эко-культура» АӨХ компаниясы атты шетелдік инвестордың қатысуымен жүзеге асырылатын, ауданы 500 га жылыжай кешенінің құрылысы орнында алғашқы тас қалау рәсімі өткізілді.
Жобамен танысу мақсатында ағымдағы жылдың 5 мамырынан кешіктірмей келесі ақпаратты ұсынуыңызды сұраймын:
Жобаның жалпы құны және оның параметрлері (көлемі, іске асыру мерзімі, өнім түрі және тб);
Қаржыландыру құрылымы, қаржыландыру көздері, қатысу үлестері, оның ішінде шетелдік инвестордың қатысу мөлшері;
Шетелдік инвесторға ұсынылатын артықшылықтар;
Инвестордың алған міндеттелелерді;
Инвестициялар туралы келісімді жасау алдында негіздеме ретінде берілген мемлекеттік органдардың қорытындыларын, сонымен қатар келісімнің көшірмесі.