Нажметдинұлы
Болатбек

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Б.Нажметдинұлы ағымдағы жылдың 12 қыркүйекте Facebook желісіне колледж оқытушыларының жалақысын көтеруге қатысты пікірін білдірді

Кеше Парламент отырысында 2024 жылға арналған бюджет жобасы талқыланды. Әрбір цифрды мұқият тыңдадым. Жобада арнайы төлемдерді индекстеу, бюджеттік жалақыны арттыру, әлеуметтік нысандардың құрылысын қаржыландыру артып келеді.

Мен колледждегі негізгі пән мұғалімдерінің жалақысы өсе ме деп сұрадым. Бірақ, жауапқа көңілім толмады. Себебі, еліміздегі 770-ке жуық колледж оқытушыларының жалақысын көтеруге мемлекет әлі қаражат таппай отыр. Олардың әрқайсысында орта есеппен онға жуық пән мұғалімдері бар. Негізінен, олар жоғары сынып оқушыларына сабақ беретін мұғалімдер. Мектептегі жалақылары да бұрынғыға қарағанда едәуір көтерілген, бірақ, колледж мұғалімдеріне мұндай жағдай қарастырылмаған.

Әрине, мұндайда жақсы мамандар жұмыстан шығып, мектепке барғанды жөн көреді. Адамдық қағидаға салсақ,бұл түсінікті жағдай. Бірақ, министрлік тарапынан осындай әлеуметтік теңсіздік туындаған жағдайда колледждердегі оқыту деңгейін көтеру талабы түсінікіз. Мен бұл мәселені мамыр айында 2022 жылға бюджеттің атқарылуы туралы есептерді тыңдағанда көтерген едім. Сосын колледж мұғалімдерінің жалақысы туралы сұрақты Оқу-ағарту вице-министріне қойдым. Олар оны 2024 жылға арналған бюджетке ұсыныс ретінде қарастыруға және ұсынуға уәде берді. Бірақ, олар жалақыны көтеруге бюджеттен қаражат таппай, өздерін шектеуге мәжбүр болды.

Меніңше, бұл санаттағы жалақыны 1 қыркүйектен бастап емес, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қайта есептеуге болмайды. Бұл әділетсіздік деп айтар едім. Біз бұл мәселені өз бақылауымызға аламыз, әйтпесе колледждер білікті кадрларды ешқашан ала алмайды.