Нажметдинұлы
Болатбек

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Б.Нажметдинұлы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнесті жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі

ҚР Үкіметі әзірлеген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы (бұдан әрі – заң жобасы) әзірленді, ол бақылау және қадағалау нысандарын ретке келтіруге, қадағалау салаларында жедел ден қою шараларын регламенттеуге, сондай-ақ сәулет және қала құрылысы, балық шаруашылығы, табиғи монополиялар, электр энергетикасы және валюталық реттеу салаларында кәсіпкерлік қызметті жетілдіруге бағытталған.

Заң жобасы әкімшілік кедергілерді барынша азайту және бизнес-ахуалды жақсарту мақсатында 2021 жылғы 30 желтоқсанда кәсіпкерлік қызметті «таза парақтан» реттеу туралы Заң қабылданды, онда мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесі реформаланды.

Мемлекеттік бақылаудың жаңа нысандары тексерулерден профилактикалық іс-шараларға көшуді қамтиды.

Қабылданған Заңға сәйкес тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулер жойылды.

Сонымен қатар, мынадай норма енгізіліп отыр, оған сәйкес қазір Кәсіпкерлік Кодексі қолданылмайтын бақылау және қадағалау салаларына  осындай бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін салалық заңдарда регламенттеу қажет.

Қазіргі уақытта мемлекеттік бақылау 90-нан астам кәсіпкерлік қызмет саласында жүзеге асырылады. Бұл ретте мұндай бақылауды жүргізудің жалпы тәртібі Кәсіпкерлік кодексте белгіленген. Алайда, бүгінде Кодекс қолданылмайтын және мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру айқын реттелмеген оннан астам сала бар.

Осыған байланысты, заң жобасында жалпы тәртіп қолданылмайтын мемлекеттік бақылауды жүргізу ретке келтірілетін болады, бұл кәсіпкерлер үшін жүргізілетін тексерулердің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларын жеңілдетуге, мемлекеттік бақылау жүйесін ретке келтіруге мүмкіндік береді, оларды жүргізудің ашықтығына кепілдік береді, сондай-ақ бизнеске бақылау жүктемесін азайтып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді.