Нажметдинұлы
Болатбек

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (бірінші оқылым).

   "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қосымша баяндама (бірінші оқылым) жалпы отырысқа

Құрметті  Ерлан  Жақанұлы!

Құрметті әріптестер

Бұл заң жобасы  Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру үшін өте маңызды.

Жұмыс тобында заң жобасы бойынша жұмыс екі бағытта жүргізілді. Бірінші –  2021 жылғы желтоқсанда қабылданған, кәсіпкерлік қызметті жаңадан бастап мемлекеттік реттеудің негізгі ережелерін салалық заңдарда бекіту бойынша және екінші –  бизнес-ортаны жақсарту бөлігінде ҚР заңнамасына енгізілген өзгерістерді қарау.

Осы заң жобасына түзетулерді қарау кезінде жұмыс тобы бизнеске ұсынылып отырған жақсартулардың жалпы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтың мүдделеріне кері әсерінің жоқтығын міндетті түрде ескерді.

Заң жобасында 82 заңнамалық актіге, оның ішінде
7 кодекс пен 75 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады. Заң жобасында:

Біріншіден, қадағалаудың 10 саласында жедел ден қою шараларын жүзеге асыруды регламенттеу көзделеді. Бұл халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы; сәулет, қала құрылысы және құрылыс; өнеркәсіптік қауіпсіздік және басқа да маңызды салаларда  (1-анықтама).

Екіншіден, бақылаудың 7 саласында, мәселен сауда базарларында ветеринариялық-санитариялық бақылау; есірткі құралдары мен психотроптық заттардың айналымын бақылау салаларында және басқа да салаларда (2-анықтама) айрықша тәртіппен бақылауды жүзеге асыру тәртібін регламенттеу ұсынылады.

Үшіншіден, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер; тілдерді дамыту, білім беру жүйесі, ақпараттық қауіпсіздік секілді бақылаудың 10 саласында мемлекеттік органдарға қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекіту көзделеді
(3-анықтама).

Төртіншіден, бақылау мен қадағалаудың
4 саласында
тергеп-тексеруді жүзеге асыру тәртібі регламенттеледі. Бұл халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, атом энергиясын пайдалану, өсімдіктерді қорғау және электр энергетикасы салалары (4-анықтама).

Бұдан бөлек, табиғи монополиялар субъектілерінің тариф белгілеу тәсілдерінің ашықтығын қамтамасыз ету және балық шаруашылығы саласында қолайлы жағдай жасау бөлігінде кәсіпкерлік қызметті жетілдіруге бағытталған түзетулер ұсынылды (5-анықтама).

Құрметті әріптестер!

Заң жобасы бойынша 1400-ден астам түзету келіп түсті, оның ішінде 386 түзету кәсіпкерлік қызметті жаңадан бастап реттеуді енгізуге қатысты, олар барлық мүдделі министрліктер, ведомстволар және қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының жиырма алты отырысында және Комитеттің кеңейтілген отырысында қаралды.

Парламент Мәжілісінің барлық комитеттері заң жобасы бойынша оң қорытындыларын берді.

Осыған байланысты аталған заң жобасын бірінші оқылымда қолдауларыңызды сұраймыз.

Жұмыс тобы заң жобасын екінші оқылымға дайындау аясында өз жұмысын жалғастыратын болады.

Қолдауларыңызды сұраймыз. Рақмет.