Нажметдинұлы
Болатбек

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстандық қамту бойынша депутаттық сауалға қосымша жауап

Қазақстан Республикасы Парламенті

Мәжілісінің Депутаттарына

(тізім бойынша)


Құрметті депутаттар!

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі
(бұдан әрі – Министрлік) жоғарыда көрсетілген тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелеріне қатысты депутаттық сауалға қосымша келесі ақпаратты жібереді.

Қазіргі уақытта Министрлік «CT-KZ» сертификаттарын берудің қолданыстағы тетігін жақсарту мақсатында «Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізуге бастамашылық жасады.

Ұсынылған өзгерістерге мыналар жатады:

1. «Үшінші елдердің тауарлары» ұғымын алып тастау. Тауарлар Қазақстан аумағында немесе шет елде өндірілген болып есептеледі. ТМД аумағында өндірілген материалдар оларды тауарлар өндірісінде пайдалану кезінде басымдыққа ие болмайды, яғни өзгеріс Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес технологиялық процестің орындалуына ықпал ететін болады.

2. Сертификатты өтеусіз беру.

3. Мемлекеттік бақылауды қайталайтын ішкі аудит бойынша норманы алып тастау.

4. Сараптама кезінде тауар өндірісінің шығу тегі мен қол жетімділігінің дәлелі ретінде сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды қосу.

5. Өңірлік кәсіпкерлік палаталары сертификатын беруге уәкілетті тұлғалардың тауар өндірісін міндетті фото-бейнетіркеуі бойынша талап

6. Құжаттардың күшін жою уәкілетті органның шешімі қабылданғаннан кейін жүргізіледі.

7. Верификация кезінде электрондық тасымалдағышта құжаттар жиынтығын ұсыну жөніндегі міндеттемелер.

8. Шамалы тұжырымдамалық өзгерістер.

Бұдан басқа, Министрлікпен қазақстандық қамтуды (елішілік құндылық үлесін) айқындау әдістемесін қайта қарау түзетулердің екінші пакетімен бекітуді жоспарланған.

Қазақстан Республикасы

Сауда және интеграция

бірінші вице-министр                                                           А. Шакқалиев