Нұртаза
Самат
Русланұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Үшінші сорғы-сүзгі станциясына бару (сайлауалды бағдарламаның Жол картасын іске асыру шеңберінде)

Жұмыс басталды. Таң атпай “AMANAT” партиялас депутаттармен бірге Астананың шетінде орналасқан су-фильтрлеу станциясына барып, Астана шаһарының әкімінің орынбасарының, құрылыстың мердігерінің, химио-бактериялық лабороторияның басшысының баяндамаларын тыңдап шықтық. Судың қалай, қайдан, қанша келетіні туралы қызықты, маңызды ақпарат алуға мүмкіндік болды.

Астана қаласындағы су мәселесі жақын арада стратегиялық маңызы бар проблемаға айналу түрі бар. Осындай станциялар барлық аймақтарда болу керек деп ойлаймын. Қазақстан Республикасындағы көптеген маңызды өзендердің бастауы шет елде болғанын ескерсек, онда су мәселесіне бейжәй қарауға болмайтыны анық.

https://m.facebook.com/story.php?&&