Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің бірінші сессиясына жұмыс жоспарын дайындау кезінде депутат Г.Нұрымова «Денсаулық сақтау саласындағы цифрландыру проблемалары мен перспективалары туралы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізуді ұсынды. Осы тақырып бойынша әріптесі – депутат З.А. Камасовамен бірге депутаттық сауал жолдады. Дөңгелек үстелді дайындау барысында Мәжіліс депутаттары Г.Нұрымова, З.А. Камасова және Г. А. Елеуов Нұр-Сұлтан қаласының №5 емханасына жұмыс сапарымен барды, қабылдау барысында дәрігердің не күтіп тұрғанын өз көзіммен көру үшін. Мәжіліс депутатарымен бірге, олардың шақыруы бойынша, емханаға ҚР ДСМ электрондық денсаулық сақтау департаментінің директоры Б.С. Есенбаев, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша РЭО директоры, Damu-med өкілдері барды. Емхананың бас дәрігері Табулдина А.Ж. емхананың жұмысымен таныстырды және ЖПД практикалық дәрігерінің жұмысы мысалында барлық сұрақтар мен мәселелер талқыланды. Халықтан дәрігерлер мен медициналық ұйымдарға көптеген шағымдар түсетіні жасырын емес. Цифрландыруды енгізумен дәрігердің жұмысы оңай болмағанын біздің азаматтарымыздың барлығы біле бермейді - ол күрделеніп кетті. Науқасты қабылдауға бөлінген 15 минуттың ішінде дәрігер компьютерде әртүрлі әрекеттерді орындау үшін 10 минуттан астам уақытты қолдануға мәжбүр болады – көптеген мәліметтер енгізіледі. Мысалы, науқас қабылдауға келді - дәрігер оны әлі тексермей, қаржыландыру көзін анықтау үшін диагноз бен мәртебесін жазу керек: ТМККК немесе МӘМС? (дәрігерге тән емес функция!!!). Ол үшін компьютерде шамамен 10 әрекет жасау керек. Карта бойынша барлығы толтырылуы тиіс (ӘМСҚ сарапшыларының талаптары), әйтпесе – үлкен айыппұлдар. Әрбір қызметке, әрбір жолдамаға (консультацияға, тексеруге немесе зертханалық талдауларға және т. б.) 15 іс-қимыл талап етіледі!!! Жолдамаларды беруге көп уақыт кетеді, қызметтерді тағайындау үлгісі жоқ!!! Бұл осы ақпараттық жүйелердің интеграциясының жоқтығынан болады. Аталған сұрақтардың барлығы осы кездесудің нәтижесінде айтылды және көтерілді. Осы өзекті мәселелер мен проблемаларды талқылау Мәжілісте 17 маусымда дөңгелек үстел барысында жалғасады.