Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Фракция жиналысы

    12 қазанда Мәжілістегі  "Nur Otan"  партиясы фракциясының кеңейтілген жиналысы өтті. Жиналыстың күн тәртібіндегі тақырып "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының 2025 жылға дейінгі тармақтарын іске асырудың бірінші жылының қорытындыларын алдын ала шығару болды. Жиынға орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Фракция депутаттары Жол картасы тармақтарының орындалуын тұрақты бақылауда ұстайды. Жиналыс барысында мемлекеттік органдарға көптеген сұрақтар қойылып, бірқатар сындарлы ұсыныстар мен ескертулер айтылды.