Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Білім беру мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кенестің көшпелі отырысы.

Ақтөбе облысына сапар барысында 9 қырқүйекте «AMANAT» партиясының Білім беру мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі Ж.Д. Сүлейменованың төралалығымен республикалық қоғамдық кенестің көшпелі отырысы болды.
Президенттің Жолдауы талқыланды, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру туралы Жол картасының білім беру, денсаулық сақтау мәселелеріне қатысты орындаулуы туралы осы салалардың облыс басқармалары басшылары баяндама жасады.
Ұсынылған ақпарат бойынша, бүгінгі күні Ақтөбе облысының партия жанындағы Білім беру мен денсаулық сақтау қоғамдық кеңесі ауқымды мәселелерді шешуде және осы салалардың нәтижелі қызмет етуіне ықпал етіп отыр.
✅Сонымен қатар, сұрақтар көп болды.
Қәзіргі таңда бұл мәселе өте кезекті және маңызды. Мысалы, облыстағы апатты 4 мектеп және апатты алдында тұрған 9 мектеп жөнінде шұғыл іс-шаралар жүргізу қажет.
Сонымен қатар, улкен проблема-Шілісай м/а мектеп құрылысы 650 орындық.
✅Мен денсаулық сақтау басқармасына бірнеше сұрақ қойдым:
1.Жол картасы бойынша биыл екі нысанды салу жоспарланған, бірақ жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы тоқтатылды.
Тармақтың орындалуына қауіп төніп тұр.
Ол қалай орындалады?
2.Бүгінгі күні медицина саласында қаржыландыру проблема болып жатқанда Актобе облысында медицина қызметкерлердің жалақысы толық толеніп отыр ма?
3. КТ аппараты 32 срез 700 млн тенгеге алынды.
Осы аппарат туралы мәлімет сурадым.