Бүгін депутат Г.Нұрымова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2022 жылғы жұмыс қорытындысы және 2023 жылға арналған міндеттер бойынша кеңейтілген алқасына қатысты. Алқа жұмысына депутаттар, Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, кәсіподақтар, ҮЕҰ өкілдері қатысты. Министр Т. К. Дүйсенова 2022 жылғы жұмыс қорытындылары және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2023 жылға арналған негізгі міндеттері туралы баяндама жасады. Сондай-ақ өңірлерден, кәсіподақтар мен ҮЕҰ-дан қатысушылар, жұмыс берушілер сөз сөйледі.
Сонымен қатар, бүгін депутат "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" ҚЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ілияс Тұңғышқанұлы Мұхамеджанмен жұмыс кездесуді өткізді. Қор қызметінің басынан туындайтын өткір проблемалар, оларды шешу жолдары, бірлескен жұмысты жақсарту туралы әңгімелестік. Кездесуге қатысышының алдында ел дәрігерлерінің онсыз да ауыр жұмысын қиындататын медицина ұйымдарына жеткіліксіз қаржыландыру мәселелерін көтерді. Өткен әңгіме пайдалы және тиімді болады деп сенеді.