Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

      Бүгін Мәжіліс депутаттары аймақта жұмыстарын бастады. Депутат Г.Нұрымова және депутат  И.Буларов жұмыстарын Қордай ауданынан бастады. Іс сапарды аудан орталығынан шалғайда орналасқан Қарасай ауылынан бастап, ауылдағы №20 орта мектептің жұмысымен танысты. Өткен жылы күрделі жөндеуден өткен мектепте балалар білім алу үшін барлық жағдай жасалған. Кейіннен осы ауылға барар жолдағы соңғы Қазақ ханы Кенесарының ескерткішіне барып қайтты. Кенесары хан қазақ халқы үшін дана саясаткер, талантты қолбасшы ретінде мәңгі қалары сөзсіз. Сонымен қатар, тарихи жәдігерлер жиналған Масанчи ауылындағы дүнген этносының музейіне барды. Расында, музейде дүнген этносының қазақ жеріне қоныс аудару кезеңінен бастап барлық мағұлматтар сақталған. Масанчи ауылына сапар барысында өткен жылы құрылысы басталған 600 орынға арналған мектептің құрылысымен танысты. Құрылыс "Nur Otan"партиясының сайлауалды бағдарламасының Жол картасын іске асыру аясында жүргізіліп жатыр. Бүгінде ішкі жұмыстары бітіп, ғимараттың сыртқы сылақ жұмыстары мен абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Масанчи ауылын аралағаннан кейін Сортөбе ауылының тұрғындарымен кездесу өткізіп, онда ауылды газдандыру, әсіресе шеткі көшелерге газ тарту, сонымен қатар т.б. мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, Сортөбе ауылында 2 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысында болды. Қордай ауданына сапар барысындағы соңғы нысан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында ашылған компьютерлік томография кабинетіне бару болды. Осылайша, Қордай ауданында 5 ауылға барып, жеті кездесу өткізді. Оған 110 адам қатысты.

Сапар жөнінде келесі жарияланымдар арқылы танысуға болады


https://www.facebook.com/1772521671/posts/10209001663116762/?d=n


https://www.facebook.com/story.php?story_fbid=10209000147038861&id=1772521671&sfnsn=mo 


https://www.facebook.com/AkimatKordai/posts/4065123846874783 каз


https://www.facebook.com/nurotan.kordai/posts/4324217067668327 каз


https://www.facebook.com/damira.sugirbai/posts/4082377011883159 каз


https://www.facebook.com/permalink.php?& рус


https://www.instagram.com/p/CRCEng9LRsl/ каз


https://www.instagram.com/p/CRDRM-KrQSg/ каз


https://www.instagram.com/p/CRCE94traH_/ рус