Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

        Бүгін депутаттар Г.Нұрымова және М.Төлепберген Жамбыл ауданындағы "Тимофеев" шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Шаруа қожалығының жетекшісі – Андрей Тимофеев. Жеке кәсіпкер 1994 жылдан бері егін егумен айналысып келеді. Қожалық жетекшісі мәжіліс депутаттарына егін алқабын таныстырып, шаруа қожалығының жай-күйін баяндады. Жалпы қожалық аумағындағы 2500 гектар жерге бидай, арпа, жүгері, жоңышқа, пияз, сәбіз егіп, 34 адамды жұмыспен қамтып отыр. Бүгінде ол 15 дана трактор, 5 дана комбайн, тіркеме цистерна, өздігінен жүретін шөп шапқыш мещера сынды ауылшаруашылық техникаларымен қамтылған. Бұдан бөлек көкөніс сақтауға арналған 4 қойманың жұмысымен таныстырды. Қойманың көлемі 800 м² болса, сыйымдылығы 1500 тонн.

        Депутаттар  партияның өңірлік Сайлауалды бағдарламасындағы аргарлық саланы дамытуға бағытталған тармақтарға тоқталды. Атап айтқанда, облыс аумағында 2022 жылы 7 жаңа су қоймасын салу есебінен 34,5 мың га жерді қалпына келтіру және 2025 жылға дейін каналдарды жаңарту бойынша жұмыс жүргізілетіні туралы айтып өтті.