Депутат Г.А. Нұрымова 21 қыркүйекте жас сайлаушылар - Жамбыл облысы Мерке ауылының Иван Трубицын атындағы №17 ЖББМ жоғары сынып оқушыларымен онлайн кездесу өткізді. Кездесуге 30 оқушы мен педагог қатысты. Депутат өзінің еңбек жолы, Тараз қаласында және Жамбыл облысындағы қоғамдық қызметі және ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты ретіндегі жұмысы туралы айтып, кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.