Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    Депутаттың кезекті жұмыс күні Меркі ауданында жалғастырылды. Ауданға қарасты Жаңатоған ауылдық округінің әкімі -  М.Е. Рамадановтың 2021 жылы атқарған жұмыстары бойынша халық алдында есеп беруіне қатысты. Есепті кездесуде ауылдық округтің әкімі 2021 жылы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, ауыл тұрғындарына жасалып жатқан жағдайлар мен жүргізіліп жатқан жұмыстарына тоқталды. Ауылдық округ 3 елді мекеннен тұрады (Қостоған, Мыңқазан және Қызылсай). Округ бойынша халық саны - 4085. Қостоған ауылы – 2382 тұрғын, 385 аула, Мыңқазан ауылы – 1233 тұрғын, 191 аула, Қызыл сай ауылы – 470 тұрғын, 75 аула. Округте 12 көше, 651 аула бар және 13 әр түрлі мекемелер, сондай-ақ 5 дүкен, 1 шаштараз, 1 дәріхана, 1 учаскелік полиция пункті орналасқан. Жалпы 6 түрлі ұлт өкілдерінен құралған. Зейнеткерлер саны – 432, мүгедектер – 111, аз қамтылған отбасылар саны – 21, Тыл ардагерлері – 11. Денсаулық сақтау саласы бойынша: Округ аумағында 18 штаттық бірлікпен 1 дәрігерлік амбулатория, 5 штаттық бірлікпен 2 фельдшерлік акушерлік пункт халыққа қызмет көрсетуде. COVID-19 індетін алдын ала отырып, екпе салу бойынша ауылдық округке берілген вакцинаның жоспары - 1596, 12 айдың қорытындысы бойынша 100% толығымен орындалған. Файзер вакцинасын - 313 оқушы салдырған.
    Әкім есебінен кейін ауыл тұрғындары бірқатар сұрақтары мен ұсыныстарын айтты. Атап айтсақ, С.Әкімбеков көшесіне түнгі жарықтандыру шамдарын орнату, Мәдениет үйінің құрылысын жүргізуді, Балалар ойын алаңын салуды, үлкен Шу каналына жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұрады. Создай ақ, жайылым жерлерді жеке меншікке иемденбеуді, ауылдың жолдарын асфальттауды, мал терісі мен жүндерін өңдейтін арнайы зауыттар салынуын, азық түлік бағасын арзандату мен мен жалақы жағдайын көтеруді және т.б өтініштерін жеткізді. Депутат айтылған мәселелер бойынша арнайы ұсыныстарды даярлап, керекті кезде депутаттық сауалдар жолдайтынының ескертті.
    Жиынды қорытындылай келе ауыл тұрғындары округ әкімінің жұмысына қанағаттандырарлық деген баға берді.