Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    18 мамырда депутат Г.Нұрымова өз жұмыс кездесулерін Қордай ауданында жалғастырды. Қордай ауданында болып, Сортөбе ауылындағы №16 орта мектептің ұстаздарымен кездесті. Мұғалімдермен болған әңгімеде олар референдумның мақсаты саяси-құқықтық жүйені жетілдіру екенін айтты. Конституциялық реформа – дамудың жаңа кезеңінің бастамасы. Енді немқұрайлылық танытпай, шет қалмай, белсенді азаматтық ұстанымымызды білдіру өте маңызды.

Мұғалімдер келесі мәселелерді көтерді:

1. Өткен ғасырдан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмегендіктен мектепті күрделі жөндеуге қаржылай қаражат бөлу.

2. Екінші мәселе – қазақ тілінде оқытатын мұғалімдердің жетіспеушілігі.

    Қордай аудандық Ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында елдегі саяси реформалар, 5 маусымда республикада референдум өткізудің және заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің маңыздылығы туралы айтылды. Кездесу барысында елдегі саяси реформалар, 5 маусымда республикада референдум өткізудің және заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің маңыздылығы туралы айтылды. Кездесу барысында мыныдай сұрақ қойылды: Неге депутаттардың өзі түзетулерді қабылдамай, референдум жарияланды? Бұл қаржылық шығынға ұшыратады. Сұрақтарқа нақты жауаптар берілді.

Полиция қызметкерлерінен келесі мәселелерді көтерілді:
1. Соңғы уақытта «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолында жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті. Зардап шеккендер үшін ыңғайлырақ жедел жәрдем машиналары қажет, ескі көліктерде (УАЗ-планшет, IVECO және т.б.) жарақаттанған және жараланған адамдарды тасымалдау өте ыңғайсыз және қауіпті. Ал мәйіттерді тасымалдайтын арнайы көлік жоқ.

2. Барлық полиция қызметкерлері бірдей жүктемені көтергенімен, баспана тек жедел - іздестіру қызметкерлеріне ғана бөлінген.

    Сонымен қатар Сортөбе ауылының ақсақалдарымен (жоспардан тыс) кездесу өтті. Депутаттармен ақсақалдар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мәселелерін талқылады