Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    1 маусым күні депутат Г.А. Нұрымова Тараз қаласындағы жақында бой көтерген Оқушылар сарайының жұмысымен танысты. Жаңа ғимаратта ғылыми-техникалық, экологиялық-биологиялық, туристік-өлкетану, әлеуметтік-экономикалық бағыттарында:IT-технология, робототехника, авиа және кеме модельдеу, трассалық автомодельдеу, лего – орталық, астрофизика, қыш шеберханасы, құм анимациясы үйірмелер жұмыс істейді. Қазіргі таңда әр түрлі бағыттарда 7257 оқушы тәрбиеленуде. 81 үйірме бойынша 580 топ жұмыс істейді. Сыйымдылығы 500 орын болатын жаңа мектепте біліктілігі жоғары 187 педагог сабақ береді. Балалар жылына орай соғылған бұл бағытта облыстың экс әкімі Бердібек Мәшбекұлының еңбегі зор екені белгілі. Бір күнде 2453 бала қамтылатын бұл орталықтын болашақта білікті де білімді ұрпақ өсіп, ел мақтаныштарына айналатыны сөзсіз. Жаңа ғимарат жасөспірімдер үшін соңғы заманауи үлгіде жабдықталған. Қазіргі жастар заман талабына өсіп,өркендеп келеді.
    Бұл жолда саналы тәрбиесі мен сапалы білімін беретін орталық ұжымы мен ұстаздарына сәттілік тілеп, алғысын айтты.