Депутат Г.А.Нұрымованың бүгінгі жұмыс кестесі Байзақ ауданының орталығында азаматтарды жеке қабылдаудан басталды.
Ауданның тұрғыны Худанов Т. Байзақ батыр көшесінде электр желілерінің адам өміріне қауіпті екендігін және көшеге асфальт салу, жол қауіпсіздігі белгілерін орнату туралы өтініш білдірді( балалар мектепке барғанда, жол өткенде өте қауыпты). Ауылдық округ әкімінің орынбасары жолды тегістеу жөнінде мердігер компанияға айтатын болды, ал жолға асфальттау бойынша аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне қаржы қарастыру үшін ағымдағы жылдың сәуір айында өтінім берілген. Жол белгілерін орнату(зебра) аптанын аяғына дейын жасалынады деп үәде берді. РЭС-тын басшысы бүгін электр желілерін жөндейтын туралы айтты.
Сарыкемер ауылының тұрғыны Абдисалиева Н.тұрғын үй мәселесі бойынша өтініш білдірді. Қазіргі таңда пәтер жалдап тұрады.Жолдасы бірінші топ мүгедегі ,бір баласы бар. Азаматшаның өтініші бойынша тиісті мамандар шақырылып ,тұрғын үй кезегіне қою үшін қандай құжаттар рәсімдеу қажеттілігі туралы түсіндіру тапсырылды. Азаматшаның өтінішін аудан әкіміне жолданады.
Кейін депутат ауданда партиянын жол картасы бойынша салынып жатқан 250 орындық емхана құрлысымен танысты. Құрылыс 1наурызда басталды. Мердігер - "Таразстрой2004" құрылыс компаниясы жұмысының осы жылдың қараша айында аяқталатындығы туралы баяндады. Алайда, төмендегі проблемалық мәселелердің бар екендігін айтты:
1. Электр қуатымен қамтамасыз ету үшін күшті транформатор, подстанция керек.
2. Орталық кәріз суы кететін құбырлар орнату мәселелері шешімін таппай отырғанын айтты.
Депутат Г.Нұрымова тұрғын үй мәселелерін шешу мақсатында партиянын жол картасы бойынша 240 пәтерлі төрт үй салу үшін берілген жер телімімен танысты. Жер бөлініп алғашқы жұмыстары басталғанымен толық аяқталуы үшін әлі проблемалық мәселелердің туындап тұрғанынын көрді. Бұл қаржы мәселесіне тіреліп тұр.
Осы мәселелер бойынша министрлікке хат жолданады.