Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    Депутат Г.Нұрымова Түркі әлемінің рухани астанасы - Түркістанға жұмыс сапарымен барды. «Amanat» партиясының Білім және денсаулық саласы бойынша Қоғамдық Кеңесінің төрайымы Ж.Д. Сүлейменовамен бірге кеңес жұмысын бастап кетті. Облыс орталығында соғылып жатқан 570 орындық облыстық аурухананың құрылыс жұмысымен танысты. Аурухана құрылысын жүргізуші - BI Group компаниясы. Қазіргі таңда құрылыс жұмысы тоқтап тұр. Әкімдік қызметкерлері мен мердігердің тарапынан тұшымды жауап депутаттар ала алмады. Құрылыстың не себептен тоқтап тұрғаны белгісіз.

    Кейін Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің педагогика және медицина факультеттері ұжымымен кездесті. Университет ректоры Ж.Темірбекованың ұйымдастыруымен диагностикалық орталық пен заманауи жасалған кітапхана жұмыстарымен танысты. Лицензия бойынша жекеменшік балабақша басшыларымен жиын өткізді. Бірқатар мәселелер айтылды. - Сапалы маман дайындау үшін Өрлеуден тегін курстар ұйымдастыру керек. Айлық жалақысының төмен болуына байланысты жекеменшік балабақшаға тәрбиешілер жұмысқа уақытша келеді. Мемлекеттік балабақшада орын болған жағдайда сонда кетеді. Барлық қойылған мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргіздік, келешекте жұмысты жалғастыратын болады.