Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    Ақтөбедегі келесі кездесу - Кемел Білім мектебінің мұғалімдерімен кездесу және мектеппен танысу. Мектеп түрік серіктестерімен бірлесіп ашылған. Мектептегі атмосфера, материалдық жабдықтар, оқушыларға арналған жағдайлар өте ұнады. Балалар үшін жақсы тәрбие, сапалы білім алу, еркін, шығармашылық даму, интернатта жайлы тұру және т. б. қажетті жағдайлар жасалған. Мектепте барлығы кәсіби және сүйіспеншілікпен жасалған. Балалардың мектеп өмірін қызықты ету үшін түрлі үйірмелер жұмыс істейді, спортзал ашылды, заманауи кітапхана түрлі жанрдағы және бағыттағы әдебиеттермен жабдықталған. Мектептің педагогикалық құрамы жас, креативті, қазіргі тілмен айтқанда - ілгері дамыған. Мектепте бос орын жоқ, мектепке түсу үшін кезек пайда болды. Бұл осындай мектептердің үлкен қажеттілігін көрсетеді. Аталған мектеп білім мекемелер үшін үлгі бола алады.