Бүгін, форум аяқталғаннан кейін "Оникс" бизнес-орталығында депутат Г.Нұрымова облыстың іскер әйелдерімен кездесті. Әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға байланысты түрлі мәселелерді талқылады, жерлестерімнің сұрақтарына жауап берді, Мәжілістегі жұмыс туралы ақпаратпен бөлісті. Әңгіме барысында өңірдің кәсіпкер әйелдері Мемлекет басшысының жүргізіп жатқан реформалары мен бастамаларына қолдау білдірді. Жамбылдық іскер әйелдеріміз жүргізіліп жатқан реформалар біздің қоғамға уақтылы және қажет екеніне сенімді.