Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
"Белсенді ұзақ өмір” орталығын құру мәселесін талқылау

“Белсенді ұзақ өмір” орталығы үшін арнайы аумақ болса деген ардагерлер өтінішін жергілікті билік өкілдерімен ақылдасатын боламыз.

Жуырда Қарағанды қаласына барғанымды жазған едім. Сол сапарда ардагерлерімізге арналған арнайы орталықта болдық. Мұндай мекеме Жамбыл жерінде де ашылса жөн болар еді деп тілектестік таныттық. Енді міне ашылды. Бірақ орналасқан (Комратов көшесіндегі) жері қолайсыз. Арнайы жер бөлінуі үшін ат салысуға ниеттімін.