Алдымен Жарлысу ауылының тұрғындарымен кездестім. Азаматтар тарапынан әртүрлі әлеуметтік мәселелер қозғалды.Ауылдықтар ауыз суға мұқтаж! Мердігер жұмысы мүлтіксіз емес.Аудан әкімдігі “Жігер-2004” серіктестігімен сапалы су тарту б/ша 2020 жылы наурызда шарт жасасады. Жұмысты желтоқсан айында қабылдап алған. Жобаға сәйкес тереңдік 200 метр болуы қажет. Алайда бейне каратаж нәтижесіне сәйкес 1-ші ұңғыма – 159 м, 2-ші ұңғыма – 171 м болып шықты.Салдарынан ауыл тұрғындары әлі күнге дейін ауыз суға мұқтаж. Енді бір жыл кепілдік мерзімі бар. Сол уақытты сарп етпей, су тартуды тездету керек.“AMANAT” партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы аясында Көгершін ауылдық дене шынықтыру-сауықтыру кешені жұмысымен таныстым.Кешен 2023 жылдың тамыз айында пайдалануға берілген, 10 қызметкер жұмыс істейді. Мекеме жаңа, заманауи талапқа сай салынған.