Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында су басқан аумақтарды тікұшақпен аралап көрді. Қазіргі таңда 6 аудан мен Орал қаласын қызыл су басып, 500-ден астам үй мен 400-ден астам саяжайға су кірген.

Су тасқынына қарсы жұмыстарға еліміздің әр өңірінен барған құтқарушылар мен еріктілер атсалысып жатыр.

Тасқынға байланысты 7 мыңдай адам қауіпсіз жерлерге көшірілген.

Мемлекет басшысы гуманитарлық көмекті тарататын пункттің жұмысымен танысып, тұрғындармен кездесті.

Кездесу барысында мемлекет тарапынан барлық шығындар өтелетінін жеткізді.