А. ж. 21 қазанда депутат Г. А. Нұрымова ақпараттандырылған қоғамдық мониторинг тетігін пилоттық енгізу және халықпен кері байланыс (МЖМБС) және оны ҚР барлық медициналық ұйымдарына жылжыту нәтижелеріне, сондай-ақ ҚР пациенттердің құқықтары туралы Хартияға қосылуды қарауға арналған дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Іс-шараға облыстық денсаулық сақтау басқармалары, ӘМСҚ, РЭДО, ДСДРО, "Атамекен" ҰКП, пациент ұйымдары, медициналық ұйымдар, кәсіби үкіметтік емес ұйымдар, жұртшылық қатысты. МЖМБС пилоттық енгізу (2020 жылғы наурыздан бастап 2021 жылғы мамырға дейін) ҚР 17 пилоттық медициналық ұйымдарында жүзеге асырылды, олардың ішінде бекітілген халыққа амбулаториялық көмек көрсететін ұйымдар, көп бейінді ауруханалар және ауданаралық көп бейінді ауруханалар. МЖМБС енгізудің мақсаты - қызметтер көрсету жүйесінің қолжетімділігін, сапасын және тиімділігін арттыруға жәрдемдесу және денсаулығына байланысты елеулі проблемалардан туындайтын халық үшін қаржылық тәуекелдерді азайту. Дөңгелек үстелге қатысушыларға пациенттердің құқықтарын реттеудің халықаралық тәжірибесін және Қазақстанның қолданыстағы заңнамасын ескере отырып әзірленген Қазақстан Республикасының пациенттердің құқықтары туралы Хартиясы таныстырылды.