Қай іске келсе де қанат бітіріп, салаға серпін береді. Тапсырмасы тиянақты, талабы ерек. Бірнеше облыс пен министрлікті басқарған кезде нақты іс пен нәтижелі жобалар жасады. Еңбегін ел біледі.
Әсіресе өзіміз өскен өңір - Жамбыл облысын жандандырды. Бір бағытына тоқталар болсам, денсаулық сақтау саласының тамырына қайта қан жүгірді. Аймақта медициналық мекемелер бой көтерді. Іскерлігі арқасында азаматтардың алғысын алып келеді. Құрметті Қанат Алдабергенұлы, лайым абыройыңыз арта берсін.