Бүгін құмар ойын бойынша жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.
Қазіргі таңда құмар ойынның жарнамасы кез келген онлайн платформада қолжетімді. Оның соңы лудомания дертіне шалдыққан адамдардың қатарын өсіріп отыр.
Жарнамасы жер жарып, заңды тұрғыда ешқандай тосқауыл болмаған соң елдегі ересектер ғана емес, балалар да тәуелділердің қатарын жыл сайын толықтырып келеді.
Сондықтан мұны заң шеңберінде шектеу қажет.
Бүгінгі жиында осы мәселені талқыға салдық.