Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң шығару қызметы

    Бүгін, 11 мамырда Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде кеңейтілген отырыс өтті, онда депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарады. Заң жобасының мақсаты - азаматтарды, оның ішінде мүгедек адамдарды, аз қамтылған отбасыларды, еңбек ардагерлерін және азаматтардың басқа да санаттарын әлеуметтік қорғау заңнамасын жетілдіру.

    Талқылау барысында депутат Г. А. Нұрымова Заң жобасымен енгізілетін «жеке көмекші» деген жаңа ұғымға қатысты сұрақ қойды. «Жеке көмекшінің» функциясына I топтағы мүгедектігі бар, жүріп-тұруы қиын адамды жұмысқа немесе үйден тыс кез келген басқа да объектілерге алып жүру және тиісінше еріп жүру кезінде қажетті көмек көрсету кіреді. Бірақ, күнделікті өмірде ол көмек көрсетпейді.  Жобада I топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы енгізіледі. Бірақ, егер I топтағы мүгедектігі бар адамның жеке көмекшісі болса - мұндай жәрдемақы тағайындалмайды. I топтағы мүгедектігі бар адам таңдау алдында тұр – жақсы күтімге ие болу және үйде отыру немесе белсенді болу, бірақ сонымен бірге қарапайым күтімнен аулақ болу. Неге мұндай тәсіл мүгедекке күтім жасау жөніндегі жәрдемақыны тағайындау кезінде қалыптасты? Бұл мүгедек адамның құқықтарына қысым жасау болып табылалатын сияқты». Баяндамашы - вице-министр Әуекенов Е.М. бұл мәселе қаржыландырумен тікелей байланысты және әрі қарай пысықталатын болады деп жауап берді.

   Қаралып отырған Заң жобасының нормалары «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрініс тапты. Заң жобасын Комитет мақұлдады және қолдады.