1 маусымда Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде "Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Семей ядролық қауіпсіздік аймағы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңдарының жобалары қаралды. Заң жобалары Парламенттің қарауына "Nur Otan" партиясының экологиялық проблемаларды, оның ішінде бұрынғы Семей ядролық полигонын шешуді көздейтін Жол картасының 149-тармағына сәйкес енгізілді. Депутаттардың алдында энергетика вице-министрі Қ. Б. Рахимов баяндама жасады. Мәселе қазақстандықтар үшін өзекті, көптеген сұрақтар болды. Депутат Нұрымова Г.А. баяндамашыға азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау бойынша сұрақ қойды.