Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң шығару қызметы

    Бүгін депутат Нұрымова Г.А. Мемлекет басшысының "Бәсекелестікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы" Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленген "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заң жобасының презентациясына қатысты.

    Заң жобасының негізгі мақсаты - бәсекелестікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың жаңа бағыттарын іске асыру. Ал, негізгі  міндеттері-кәсіпкерлікке мемлекеттің қатысуын қысқарту, кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қолдау шараларына және мемлекеттік органдардың сатып алуларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, шағын және орта бизнесті дамыту, тауар нарықтарына кіру кедергілерін қысқарту. Бұл міндеттерді орындау "Nur Otan" партиясының жол картасы пункттерінде көзделген.

    Заң жобасымен танысу барысында бірқатар мәселелер туындады, мемлекеттік қолдау шараларына тең қолжетімділік және Мемлекеттік сатып алулардағы бәсекелестік сияқты бағыттарға ерекше назар аударылды. Сондықтан депутаттың сұрақтары заң жобасының осы аспектілеріне қатысты болды:

1. Мемлекеттік сатып алуларды өткізу кезінде техникалық ерекшеліктердегі тапсырыс берушілер көбінесе "қажетті" өнім берушілерге жағдай жасайды. Селективті қолдау мақсатында техникалық ерекшеліктер әртүрлі қосымша талаптармен, мысалы, материалдық ресурстармен, құны кейде өткізілетін конкурстан асатын әртүрлі жабдықтардың болуымен, сондай-ақ түнгі уақытта портал аша отырып, өтінім беру жылдамдығының өлшемі бойынша жағдай жасау бойынша күрделене түседі. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін қандай шаралар қабылданады?

2. Бір көзден сатып алу негіздерінің саны көп (52). Бұл сыбайлас жемқорлық үшін мүмкіндіктерді кеңейтетіні және бәсекелестіктің болмауына әкелетіні баршаға мәлім. 6 негізге қатысты "шектеу" тұжырымы толығымен түсініксіз, бұл іс жүзінде қалай жүзеге асырылады? Тек 3 негіз алынып тасталды, бұл жеткіліксіз. Бір көзден сатып алу үшін негіздерді қысқарту бойынша жұмысты одан әрі жалғастыру қажеттілігі бар.

    Депутат Заң жобасы бойынша жұмысты жұмыс тобында жалғастыратын болады.

    Аталған Заң жобасын қабылдау елдегі бәсекелестікті одан әрі дамытуға ықпал ететіні және шағын және орта бизнеске жәрдемдесетіні сөзсіз.