Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң шығару қызметы

    20 қазанда Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" және "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары талқыланды.

    Мәжіліс депутаттары жұмыс топтарының, фракциялар жиналыстарының отырыстары аясында мұқият жүргізген жұмыстардан кейін заң жобасы талқылауға шығарылды. Бюджеттегі жұмыс барысында депутаттар 360-қа жуық түзетулер мен ұсыныстар енгізді. Депутаттар бюджеттің әлеуметтік бағдарланғанын және әлеуметтік салаға жұмсалатын шығындар жалпы шығыстардың 50% - ын құрайтынын атап өтіп, мемлекеттік органдарға қаражатты игерудің жоғары деңгейіне, түпкі көрсеткіштерге қол жеткізуге және ең бастысы, бюджеттік бағдарламалардың нәтижелілігіне қол жеткізуге тілек білдірді. ҚР Денсаулық сақтау министрі А.В. Цойға жолданған Г.Нұрымованың сұрағы партияның сайлауалды бағдарламасының бір тармағының орындалуы туралы, атап айтқанда, азаматтардың жеңілдікті санаттарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және әр өңірде тегін дәрілік заттардың 2 айлық тұрақты резервін құру туралы болды. Үш жылдық республикалық бюджет жобасында 2022 жылға арналған шығыстар азаматтардың нақ сол саны 2,5 млн.адам болған кезде 2021 жылмен салыстырғанда 43,3 млрд. теңгеге кемітіле отырып, 95,2 млрд. теңге сомасында көзделген. Денсаулық сақтау министрі депутаттарға 2 айлық резервті қаржыландыру, оның ішінде ӘМСҚ қаражаты есебінен қамтамасыз етілетініне және дәрілік заттарға мұқтаж азаматтар қажетті дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілетініне сендірді.

   Мәжіліс депутаттары жан-жақты талқылаудан кейін 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетті мақұлдады.