Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң шығару қызметы

    Бүгін Мәжілістің кезектен тыс жалпы отырысы өтіп, онда Мәжіліс Төрағасы Н.З.Нығматуллиннің депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі қаралды. Ол лайықты түрде елдегі ең беделді саясаткерлердің бірі және Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері болып саналады.
    Одан әрі Мәжілістің жалпы отырысында біз Ерлан Жақанұлы Қошановты Мәжіліс төрағасы етіп бірауыздан сайлады. Мәжілістің жаңа спикері заң шығару жұмыстарын жақсы біледі. Ерлан Жақанұлы еңбек жолында жоғары жауапты қызметтерді атқарған, тәжірибелі басшы әрі саясаткер, Қазақстан Республикасының Парламентінде де бірнеше жыл қызмет атқарған. Жаңа төрағаның басшылығымен Мәжіліс қазақстандықтардың өмірін жақсартуға және елімізді одан әрі дамытуға бағытталған барлық реформаларға қажетті заңнамалық қолдау көрседі.