Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Комитеттің кеңейтілегн отырысы

    Бүгін ҚР ЕХӘҚМ базасында комитеттің кеңейтілген отырысы өтіп, онда әлеуметтік-еңбек саласының өзекті мәселелері талқыланды. Отырыс ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Қ. Дүйсенованың қатысуымен өтті. Министрліктің ақпараты бойынша: бүгінгі таңда көрсетілген 6,1 млн қызметтің 4,9 - ы электрондық форматта көрсетілген. Депутаттарға Ақпараттық жүйелер мысалында әлеуметтік-еңбек саласындағы цифрландырудың жетістіктері ұсынылды. Министрліктің АЖ басқа мемлекеттік органдардың АЖ-мен біріктірілген, бұл бірқатар қызметтерді алуды айтарлықтай жеңілдетті. Мүгедектікті сырттай белгілеу алға қарай маңызды қадам болды. "Электрондық еңбек биржасы" жобасына толығырақ тоқталу қажет. ЭЕБ-на 205 жұмыспен қамту орталығы, 44 жеке жұмыспен қамту агенттігі, 4 интернет-алаң қосылған. Биржа іске қосылған сәттен бастап мынадай маңызды міндеттерді іске асырды: жұмыс іздеу үшін ең ірі базаға айналды. Жыл сайын орта есеппен 800 мың бос жұмыс орны мен 600 мың түйіндеме орналастырылады, шамамен 400 мың азамат жұмыс табады; қызметкерлердің еңбек шарттарын тіркеу үшін тұғырнама болды; жұмыс берушілер есеп беру үшін онлайн-құралға айналды. Бұл бизнес-процестерді айтарлықтай жеңілдетті. Бүгінгі таңда 270,9 мың азамат онлайн форматта жұмыссыздар мәртебесін алды, 52 мыңы үйден шықпай-ақ жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды. 76,9 мың жұмыссыз мемлекет субсидиялайтын орындарда жұмысқа кірісті - ол жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар, алғашқы жұмыс орны және ұрпақтар келісімшарты. Жастарды жұмысқа орналастыру жобасы іске қосылды. 27-29 маусымда жастарға арналған вакансиялардың онлайн- жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңке 18-35 жас аралығындағы жастар үшін ұйымдастырылады. Бұдан басқа, ЭЕБ-да онлайн-оқыту жұмыс істейді, ол оқуға немесе біліктілігін арттыруға ниет білдірген Қазақстанның кез келген азаматы үшін қолжетімді. 17 мыңнан астам адам түрлі бағыттар бойынша курстарда онлайн оқудан өтті, оның ішінде 11 мың адам – жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген жұмыссыздар. Сондай-ақ, "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсы ұйымдастырылды.
    Жалпы отырыс нәтижелі, мазмұнды болды. Депутат г.Нұрымова  Министрлікке қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмай, осы бағытта одан әрі жұмыс істеуді тіледі.