18 қазанда Комитеттің кеңейтілген отырысы өтті, онда Әлеуметтік кодекстің жобасы қаралды.Кодекс Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді. Әлеуметтік саланың түрлі бағыттары бойынша 100-ден астам сарапшының қатысуымен жұмыс тобы құрылды, мыңнан астам ұсыныстар мен бастамалар қаралды. Әлеуметтік Кодекспен жұмыс істеудің басты міндеті - азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін бірыңғай құқықтық негіз құру. Айта кету керек - Министрелік үлкен жұмыс атқарды. Әрине, Комитет мүшелерінде көптеген сұрақтар туындады.
Депутат Г.Нұрымова үш сұрақ қойды:
1. 3 дәрігерден тұратын МӘС комиссиясы іс жүзінде мүгедектікке сырттай куәландыруды қалай жүргізеді?
2. Әлеуметтік Кодекске сәйкес, тұрғылықты жері бойынша қолжетімділік үшін әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінде (үйлерінде) балабақшалардағыдай жан басына шаққандағы қаржыландыру қағидаты бойынша мүгедек адамдарға қызмет көрсету жоспарлануда. Осыған байланысты сұрақ: мұндай ұйымдарға қандай талаптар немесе критерийлер қойылады, қызметтің бұл түрі лицензияланады ма?
3. Әлеуметтік қызмет көрсету кезінде SMS, смартфондар арқылы хабарлау жоспарлануда. Егер азаматтың телефоны, смартфоны болмаса немесе оны қалай пайдалану керектігін білмесе немесе ұялы байланысы жоқ шекаралас аумақтарда ауылдар болса - ол әлеуметтік қызметтерді, жәрдемақыларды және т. б. қалай алады?
Жауаптар толық берілді:
1 - мүгедектікті куәландыру тәртібі туралы,
2-ші сұраққа: болашақта қызметтің бұл түрі лицензияланады, белгілі бір талаптар қойылады;
3-ші сұрақ бойынша: егер телефон немесе байланыс болмаса, хабарламалар электрондық пошта немесе Қазпошта мекемелері арқылы жіберілетін болады.
Жұмыстың бірінші кезеңі аяқталды, енді келесі кезең жоба Мәжіліске түскеннен кейін басталады.